Италиядағы лицензиялық турнир: Сәкен Бибосынов екінші кездесуде жеңіске жетті

Бокстан Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық Сәкен Бибосынов екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

51 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Сәкен кениялық Давид Каранжа Мачариямен кездескен болатын.

Бұл кездесу де Сәкенге айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Төрешілер жеңісті бірауыздан Бибосыновқа берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы