Италияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 14-ке жетті

Италияның солтүстігіндегі Эмилия-Романья аймағындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 14-ке жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ВВС агенттігі таратқан деректерге сәйкес, Равенна қаласының билігі екі шағын қаланың халқын дереу эвакуациялап жатыр. Сонымен қатар саяхатты кейінге жоспарлауға шақырып отыр. Себебі қауіптің қызыл деңгейі сақталуда.

Аймақтың эвакуацияланған 15 мың тұрғынының жартысына жуығы өткен түнді қонақүйлерде немесе асығыс жабдықталған спорт залдарында өткізуге мәжбүр болған.

Равеннада нөсер әлі басылған жоқ. Көшкіннің жүру қаупі де бар. Әрі бұл аймақтарға құтқарушылардың жетуі өте қиын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: bbc.com
Өзгелердің жаңалығы