Италияда соңғы 70 жылда болмаған құрғақшылық орын алып, ТЖ жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның солтүстігіндегі 5 өңірде төтенше жағдай жарияланды. 

Елде соңғы 70 жылда болмаған қатты құрғақшылық орын алған деп жазады ВВС.

Эмилия-Романья, Фриули-Венеция-Джулия, Ломбардия, Пьемонт пен Венетоға судың жеткіліксіздігімен күрес үшін төтенше жағдайлар қорынан  36,5 млн еуро бөлінді. 

Италиялық  Coldiretti ауыл шаруашылық одағының бағалауынша, құрғақшылық өңірдің 30%-дан астам ауылшаруашылық өнімдерін құртуы мүмкін. Бірнеше муниципалитет суды қалыпқа келтіруді жоспарлап отыр. 

Құрғақшылыққа қыста жауын-шашынның аз түсуі мен қатты аптап ыстық себеп болып отыр. 

ТЖ режимін енгізу ерекше шара мен құзыреттілікті талап ететін қалыптасқан жағдаймен күрес үшін қажет, - делінген Италия үкіметі таратқан хабарламада. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы