Италияда сауда орындары жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италия премьер-министрі Джузеппе Конте коронавирустың таралмауы үшін күресте жаңа шараларды қабылданғанын хабарлады. Атап айтқанда, қажетті заттар мен дәріханалардан бөлек басқа сауда орындарын жауып тастады.
Біз шараларды жай, кезекпен қабылдау керек екенін білеміз. Бірақ тағы бір қадам алға жасайтын уақыт келді. Енді біз сауда ұйымдарын жабу туралы үкім шығардық. Тек ең қажет заттар дүкені мен дәріханалар ашық қалады, - деді Конде.Билік өкілі қоғамдық көлік қызметін жалғастыратынын атап өтті.
Тамақтың артынан жүгірудің қажеті жоқ. Біз дүкендерді, мейрамханаларды, шаштараздарды, сұлулық салондарын жабамыз. Үйге тамақ жеткізу қызметі жұмысын жалғастырады, - деп қосты ол.Банк, пошта, сақтандыру және қаржы компаниялары да жабылмайды. Фабрикалар мен өндіріс орындарыны өз қызметкерлеріне қауіпсіздікті қамтамасыз етсе, жұмысын жалғастыра береді.
Аталған шаралар 25 наурызға дейін қабылданып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Таразда сейф ұрлағандар ұсталды
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы