Италияда миллиондап жалған ақша жасаған адам ұсталды
Италияның Неаполь қаласында жалған ақша жасаған адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Күдікті осы уақытқа дейін жалпы сомасы 11 миллион еуроға жететін ақша купюраларын жасап шыққан. Еуропа полициясы келтірген мәлімет бойынша қолға түскен ер адам жасанды банкноттарды заңсыз типографияда шығарып келген. Қызметі әшкере болғаннан кейін жасырын баспахана толығымен бұзылып, 3 миллион еуро тәркіленді.
Тергеу нұсқасы бойынша 2023 жылы анықталған жалған еуро банкноталарының 27%-і, яғни 8 миллион еуро дәл осы күдіктінің қолымен жасалған. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қай қалада адам көп тұрады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы