Италияда көшкін жүріп, 20-ға жуық адам жоғалып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италиядағы Альпі тауындағы Мармалада мұзтауы опырылып, 19 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарлайды Euronews.
Табиғи апат салдарынан кем дегенде 6 адам қайтыс болып, 8-і жараланған.
Италиялық БАҚ таратқан мәліметтерге сәйкес, көшкін кезінде жоғалғандар арасында шетелдіктер де болған. Альпілік құтқару қызметі мұзтауға кеткендердің туыстары ақпарат алуға хабарласу үшін тегін нөмірді іске қосты.
Көшкін кеше, жексенбі күні орын алды. Оған мұзтаудың шығындағы ауа температурасы рекордтың 10°С-қа жетуі себеп болған. Салдарынан туристік жол орналасқан Пунта-Рокка ауданында сел жүрген.
Бірнеше тікұшақ пен арнайы үйретілген иттер құтқару операцияларына қатысу үшін шұғыл түрде жөнелтілді. Алайда кешкісін жаңбыр жауып, көшкіннің орын алу қаупін тағы да күшеюі себепті іздеу жұмыстары уақытша тоқтатқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Грекия өртке орануы мүмкін
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы