Италияда коронавирустан 463 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүйсенбі күні Азаматтық қорғаныс ұлттық қызметінің басшысы Анджело Боррелли Италияда коронавирустан 463 адамның көз жұмғанын хабарлады. Бұл туралы ANSA жазды.
Оның айтуынша, Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 7 985 адамға жеткен. Елде ауруға шалдыққандардың саны 9 172 адам болған. Бұл емделіп шыққандар мен көз жұмғандарды қоса есептегенде.
Бүгінде Италия коронавирустан қаза тапқандардың саны жағынан Қытайдан кейінгі орында тұр.
Сондай-ақ, Борреллидің сөзіне қарағанда, Италияда 724 адам бұл дерттен айығып шыққан. Бұл жексенбі күнге қарағанда 102 адамға көп.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл елордада 100 мың ағаш көшеті отырғызылады
Келесі жаңалық
"Теңге 100 есе құлдырады". Ұлттық валютаға сұраныс неге аз?
Өзгелердің жаңалығы