Италияда коронавируспен күреске иттер жұмылдырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда коронавируспен күреске иттер тартылған.
Мамандар оларға індет жұқтырған адамдарды анықтауды үйретіп жатыр. Мұндай тәжірибе Ұлыбритания, Франция, Финляндия, Ливан мен Үндістанда қолға алынған. Олар өзінің тиімділігін көрсетті. Төрт аяқтылар тіпті вирус симптомы жоқ адамдарды да тез анықтай алады екен. Өйткені адамның мұрнында 5 миллионға жуық иіс сезу рецепторы болса, иттерде олардың саны 300 миллионға жуықтайды.
Енді болашақта италиялық мамандар аялдамада, әуежай мен кемежайда, стадион, сауда орталықтары мен концерт залдарында жануарлардың көмегімен вирус жұқтырған науқастарды анықтауға ниетті.
Енді болашақта италиялық мамандар аялдамада, әуежай мен кемежайда, стадион, сауда орталықтары мен концерт залдарында жануарлардың көмегімен вирус жұқтырған науқастарды анықтауға ниетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семейде өрт кезінде 2 адам құтқарылып, 60 адам эвакуацияланды
Өзгелердің жаңалығы