Италияда коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда коронавирус жұқтырған аурулар саны күрт өскендіктен медициналық персоналдың жетіспеушілігі артуда. Осыған байланысты бұл мемлекет шетелдік медицина қызметкерлерінен көмек сұрауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Euronews агенттігі.

Италияның денсаулық сақтау органдары пандемияның екінші толқынын жеңу үшін ӨЖЖ аппараттарының жеткілікте екендігін мәлім етті, дегенмен олармен жұмыс жасайтын медиктер саны тапшы болып отыр. 

Айта кетсек, бұл елдің өңірлері денсаулық сақтау саласындағы шаралар туралы жеке шешім қабылдай алады. Пьемонт және Ломбардия сияқты солтүстік аудандарында жергілікті билік бүкіл әлемге дәрігерлер жіберу туралы өтініш жасады. 

Біз өкпені жасанды желдету аппараттарымен жұмыс істей білетін 2000 дәрігерге зәруміз, - деп мәлімдеді Италия дәрігерлері кәсіподағының көшбасшысы Карло Палермо. 

Италия үкіметі қарқынды терапия бөлімшелеріндегі төсек-орын санын қазіргі күнгі 200-ден шамамен 11 мыңға арттыруды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы