Италияда коронавирус жұқтырғандар саны 10 мыңнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Азаматтық қорғау ұлттық қызметінің басшысы Анджело Боррелли елде коронавирус жұқтырғандардың саны 10 мың адамнан асқанын айтты, деп жазды ANSA агенттігі.
Борреллидің айтуынша коронавирустан көз жұмғандар саны 631 адамға жеткен. Бұл дүйсенбі күнгімен салыстырғанда 168 адамға көп.8 514 адам қазіргі уақытта COVID-19 вирусын жұқтырған, 1004 адам сауығып шықты, - деді ол.
Борреллидің айтуынша, коронавирус жұқтырған 877 пациент жансақтау бөлімінде жатыр. Қайтыс болғандардың 45%-ы – 80-89 жас аралығындағы адамдар, 32%-ы – 70 жас шамасындағы, 14%-ы – 90 жастан асқан, 8%-ы – 60 жастағы, 2%-ы – 50-59 жас аралығындағы адамдар. Үкімет өткен жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында алғаш рет табылған жаңа вирустың таралуын тоқтату үшін қатаң шаралар қабылдады. Италия тұрғындарына қажетсіз сапарлардан бас тартуға және шұғыл қажеттілік болмаса, мүмкіндігінше үйлерінен шықпауға кеңес беріледі.
Сондай-ақ, Боррели оппозициялық лиганың көшбасшысы Маттео Сальвинидің "бәрін жабу" туралы үндеуінен кейін шараларды қатайту мүмкіндігін жоққа шығармады.
Менің ойымша, бұл мәселе толығымен қарастырылып, зерттелуі керек, - деді Боррелли баспасөз мәслихатында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбылда "Бейбітшілік пен келісім" жобасы бастау алады
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы