Италияда көлдер мен өзендер құрғап барады
Еуропада биыл қыс өте жылы. Осыған байланысты Италия тұрғындары жазда қайта қуаңшылық болатынына алаңдап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Себебі Альпы тауларында әдеттегіден екі есе аз қар жауған. Осының кесірінен елдегі өзендер мен көлдер құрғап барады. Су тапшылығы ауыл шаруашылығы мен гидроэнергетика салаларына нұқсан келтіруі мүмкін.
Ғарыштан түсірілген суреттерге қарап елдегі ең ірі Гарда көлінде су деңгейі қалай төмендегенін көруге болады. Ал ең ұзын По өзенінде су 3 метрге тартылған.
Еске салып кетейік, өткен жылы Италияда қуаңшылықтан ауыл шаруашылығы 6 миллиард еуродан асатын шығынға ұшыраған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балаларына вакцина салдырудан бас тартқан ата-ана көп - ДСМ
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы