Италияда бульдозер теңіз бақалшығын жинап жүрген турист әйелді басып кетті
Италияның Пинарелла-ди-Червия жағажайында бульдозер жергілікті жағажайды тазарту кезінде бақалшықтарды жинап жүрген турист әйелді басып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ The Sun басылымына сілтеме жасап.
Қайтыс болған әйел – 66 жастағы Элис Спадавеккия, Ұлыбританиядан келген ағылшын тілі мұғалімі.
Оқиға кезінде бульдозерді 54 жастағы ер адам басқарғаны анықталды. Тергеу мәліметтері бойынша, оның 2023 жылдан бері көлік жүргізуге құқығы болмаған және оқиға кезінде есірткілік заттардың әсерінде болғаны күдік тудырып отыр.
Куәгерлердің айтуынша, бульдозерде ескерту шамдары мен дыбыстық сигнал қосылмаған. Әйел ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, жергілікті полиция тарапынан тергеу жүріп жатыр. Жағажайдағы қауіпсіздік талаптарының сақталуына қатысты да тексеріс басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы