Италия жағалауында мигранттар мінген қайық суға батып кетті
Италияның Лапмедуза аралында қайық аударылып, 21 мигрант із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасаған Il Messaggero газеті хабарлайды.
Жергілікті жағалау күзетінің қызметкерлері жеті сириялықты құтқарғаны атап өтілді.
1 қыркүйекте Ливия жағалауынан жүзіп шыққан қайықта 28 адам, оның ішінде үш бала болған, қайық бір күн жүзгеннен кейін апатқа ұшыраған, - дейді оқиға куәгерлері.
Басылымның жазуынша, құтқарылғандар Италияға қарағанда, Африка жағалауларына жақын орналасқан аралдағы уақытша қабылдау орталығына жеткізілді.
Айта кетерлігі, Италия үкіметі көптеген адам құрбан болған бірнеше ірі кеме апатынан кейін мигранттрады заңсыз тасымалдаумен күрес шараларын қолға алды. Атап айтқанда, Рим мигранттарының шамамен жартысына жуығы ағылып келетін Туниспен тиісті келісімдер жасады. Бұған қоса, Албанияда мигранттарды қабылдаудың экстерриториялық орталығы ашылмақ, онда заңсыз келушілердің Еуропадағы баспана мәртебесі бағаланады.