Италия жағалауында 471 мигрант құтқарылды

Италия жағалауының күзеті Жерорта теңізінде 471 мигрантты құтқарды. Олардың арасында 205 бала бар, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Әскерилерге "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымының өкілдері көмектескен. Олар 1 күнде суға батып бара жатқан 15 қайықты аман алып қалған. Ал Жерорта теңізі арқылы Еуропаға қарай ағылған босқындар легі биыл қайта артқан. Әсіресе Италияға бет алған мигранттар көбейген. 

Кеше Еуропалық комиссия басшысы Урсула Фон Дер Ляйен қалыптасқан жағдайды көріп, мәселені талқылау үшін Лампедуза аралына барды. 

Лампедуза аралынадағы ахуал күрделі. Себебі мұнда мигранттар теңіз арқылы ағылып жатыр. Тіпті олардың қарасы жергілікті халық санынан асып кеткен. Біз мәселені Италия билігімен талқылап, тиісті шешімдер қабылдаймыз, - дейді Еурокомиссия президенті Урсула Фон Дер Ляйен.  

Ал ресми дерекке сүйенсек, бұл елге жыл басынан бері 126 мың мигрант келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп, дейді жергілікті билік. Мысалы, Лампедуза аралына соңғы 1 аптада 7 мың босқын табан тіреген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы