Италия жағалау күзеті 250-ге жуық мигрантты құтқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жерорта теңізінен тағы 250-ге жуық мигрант құтқарылды, деп жазды «Хабар 24».  

Әскерилер босқындарды елдің оңтүстігіндегі Калабрия аймағы жағалауына жақын жерден кездестірген. Қауіпті сапарға шыққандардың арасында балалар бар. Ауа райының қолайсыздығынан құтқару операциясы 16 сағатқа созылды. 

Италия шекарашыларына Румынияның әскери-теңіз күштері көмектесті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы