Италия жағалауында қазақстандық туристер бар яхта өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық туристер бар яхта Италияның жағалауында өртеніп, суға батып кетті. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Өрт басталған кезде 50 метрлік Lady MM яхтасы Капри аралынан Сардиния аралына бара жатқан. Жағалау күзеті түсірген видеодан қара түтінге оранған яхта жылдам суға батып бара жатқаны көрінеді.

Яхтада 17 адам болған, оның сегізі отандасымыз және тоғызы экипаж мүшесі. Жағалау күзеті оқиға орнына жеткенше, барлығы аман-есен яхтадан шығып, кішкентай қайықта отырған. Оларды сол жерден алып кеткен.

Өртті сөндіруге жағажай күзетінің екі кемесі мен тікұшақ жұмылдырылған.

Өрттің неден шыққаны хабарланбаған.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы