Италия мен Германия шекараларын қайтадан ашпақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Милан, Рим және Неаполь әуежайларының халықаралық рейстері жандана бастады, деп хабарлайды ru.euronews.com.
Карантин енгізілгеннен кейін үш ай өткен соң Италия Шенген аймағы мен Ұлыбританиядан келген қонақтар үшін шекарасын қайтадан ашпақ. Милан, Рим және Неаполь әуежайларының халықаралық рейстері жандана бастады. Бірақ, жолаушылар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы шарт: медициналық бетперде киіп, қашықтық сақтауы керек, ұшып келген еуропалықтарға оқшаулану талабы енді қолданылмайды.
Германия да шекарадағы кедергілерді алып тастауды жоспарлап отыр. Неміс үкіметі 15 маусымнан бастап өзге еуропалық елдерге баруды тоқтата тұру туралы ескертуді алып тастамақ. Бірақ, кейбір елдерге қатысты, мысалы, келушілердің өзін-өзі оқшаулау туралы ережелер қолданылатын Ұлыбританияға қатысты ескерту күшінде қалуы мүмкін.
Мен бұл шешім үлкен үміт тудыратынын түсінемін. Бірақ, ескертулер тыйым салуды білдірмейді, ал берілген рұқсат - бұл әлі саяхат жасауға арналған шақырту емес екенін еске салғым келеді. Енді қауіп жоқ деп ойлау қате. Пандемия әлі аяқталмады. Сондықтан, біз туризмнің қайта жаңғыруы Германияда да, басқа елдерде де пандемияның екінші толқынын ікелуіне жол бермеуіміз керек, - деді ГФР сыртқы істер министрі Хайко Маас.Шекараның ашылуы экономиканың туристік секторы дамыған елдер үшін өте маңызды. Бірақ, Еуропа елдеріндегі инфекцияның таралуы түрлі деңгейде болғандықтан, Еуроодақтағы карантиндік шараларды алып тастау процесі бір мезгілде емес, кезең-кезеңімен ұлттық ерекшелікті ескере отырып жүргізілетін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қыдырәлі: Ашаршылық құрбандарын еске алатын арнайы "алапат қасірет" күні белгіленсе...
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы