Италия құрамасы Римде чемпиондық парад өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Римде Еуро-2020 футбол чемпионатында жеңіске жеткен Италия құрамасының жеңісін тойлау жалғасуда. Футболсүйерлер аладоп шеберлері чемпион аталғалы таңды таңға жалғап, мейрамдатуда деп жазды life.ru.

Италия астанасының көшелерін ұлттық құраманың ойыншылары мінген чемпиондық автобус жүріп өтті. Футболшылар автобустың төбесіне шығып, қолдарына арман болған трофейді алып, мыңдаған жанкүйерлеріне сәлем жолдады.

Парадтың алдында италиялық құрама елдің Премьер-министрі Марио Драгимен кездескен болатын. Ойыншылар оған 10-шы нөмірлі жейдені сыйға тартты. Осындай сый Италия президенті Серджо Маттареллаға да жасалынды.

Италия Еуропа чемпионатының тарихында осымен екінші рет жеңіс тұғырына көтеріліп отыр. Алғаш рет команда турнирді 1968 жылы ұтқан болатын.

Еуро-2020 өткен жылы жазда өтуі тиіс болатын. Алайда коронавирус пандемиясының салдарынан турнир биылғы жылға ауыстырылды. Матчтар Еуропаның бірнеше қаласында өтті.

Шешуші матчта Италия 3:2 есебімен жеңіске жетті. Англия құрамасы жеңіліс тапты. Англиялық ойыншылар Маркус Рэшфорд, Букайо Сака және Джейдон Санчо Еуро-2020-ның финалдық матчында пенальтиді сәтсіз орындағандары үшін әлеуметтік желілерде мазаққа айналды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы