Италия халықаралық рейстерін қалпына келтірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірлестік ұшақтары Нью-Йоркке ұша бастады. Компания үшінші тоқсанда өзінің рейстерін пандемияға дейінгі көрсеткішті 40%-ға дейін жеткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды "Хабар 24".
Бірақ індеттен қаржылай қиындыққа тап болған бірлестіктің келешегі бұлыңғыр. Үкімет дағдарысты еңсеру үшін 3 миллиард еуро бөлгенімен, шығынды жабу қиынға соғуы мүмкін.Оның үстіне Еуроодақ Италия үкіметінің бірнеше жыл бұрын әуе бірлестігіне қаржылай көмегін тексеруге кіріскен.
Айта кетейік, Alitalia 2008 жылы банкротқа ұшырап, үкімет 6 рет қолдау шарасын жүзеге асырған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы