Әлеуметтік IT-жобалар байқауының қорытындысы шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі және ЮНИСЕФ халықаралық ұйымы әлеуметтік IT-жобалардың акселерация конкурсының нәтижесін шығарды. Қатысушылар 37 жоба ұсынды.
Іріктеу қорытындысы бойынша келесі міндеттерді шешу үшін төрт жоба жарияланды:
"Балалардың білім сапасын арттыру" ҚР білім министрлігімен бірлесіп – "Qlang" жобасы.
Qlang – бұл интерактивті тақтада жаттығуларды орындай отырып, мұғаліммен бейне сұхбат арқылы байланыса отырып, оқытушымен онлайн режимде оқуға мүмкіндік беретін дайын білім беру платформасы.
"Зорлық-зомбылықтың алдын алу" ҚР білім министрлігімен бірлесіп – "Жақындарым" жобасы. Ол ата-аналарға өз балаларын түсінуге көмектеседі, қазіргі психология тұрғысынан "ойлаудың сәтті барысын" көрсетеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, "Балалар арасында жарақаттануды төмендету" жобасы – "Қолжетімді Қазақстан" жобасы.
Қолжетімді Қазақстан – бұл онлайн-карта, оған қалалық нысандар мен қызметтердің қол жетімділігі туралы ақпарат беріледі. Картадағы ашық және тегін деректер балаларға, сондай-ақ арбалары бар ата-аналарға қалалық кеңістікте бағдарлауға мүмкіндік береді.
"Отбасы мен балаларға қолдау көрсету" ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп "Smart Grades" жобасы.
Smart Grades - мектептерде жақсы бағалары үшін баланы көтермелеу үшін қосымша. Демеушілердің қосымша ішіндегі белгілі бір сыйақылары оқушыларды ынтамен оқуға және мектептегі үлгерімді арттыруға ынталандыратын болады.
Іріктелген жобалар инкубация мен одан әрі акселерациялау, сондай-ақ Astana Hub барлық қолжетімді ресурстарымен, оның ішінде ЮНИСЕФ сарапшылары мен жауапты министрліктердің тарапынан қолдау күтеді.
Естеріңізге сала кетейік, "Social Innovation" әлеуметтік инновациялар зертханасы бойынша бірлескен жоба IT-стартаптардың халықаралық технопаркі мен ЮНИСЕФ өткен жылдың қазан айында іске қосылған болатын.
2019 жылы Astana Hub және БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры іске қосқан Social Innovation Lab мақсаты Қазақстан Республикасында балалардың мүдделеріне бағдарланған әлеуметтік инновациялар бағыттары бойынша жобаларды қолдау және дамыту үшін жағдай жасау болып саналады.