IT-қызметтердің экспорты 700 млн долларға жетті – министр
Қазақстанның IT-экспорты оң динамиканы көрсетіп отыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанның IT-экспорты оң динамиканы көрсетіп отыр. 2024 жылдың 9 айы бойынша ол 471 млн долларға жетті. Бұл 2023 жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда 26% - ға көп. Біздің болжамымыз бойынша, 2024 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш шамамен 700 млн доллар, - дейді Хасенұлы Үкімет отырысында.
Цифрлық дам министрі 2026 жылы IT экспортты 1 млрд долларға жеткізуді көздеп отырғанын айтады.
Қазақстанның IT-экспортын ілгерілетуде Astana Hub басты рөл атқарады. Astana Hub резиденттерінің саны 1,5 мың компаниядан асты, оның ішінде 400-і халықаралық. Олардың жалпы кірісі 2024 жылы - 620 млрд теңге. Бұл ретте экспорттан түскен табыс 227 млрд теңгені, яғни 479 млн доллар, - деді Жаслан Мәдиев.
Astana Hub резиденттерінің экспорттық географиясы 90-нан астам елді қамтиды.
Astana Hub резиденттерінен басқа "Ұлттық ақпараттық технологиялар" Акционерлік қоғамының GovTech өнімдері алғаш рет экспортқа шықты. Мұндай шешімдердің қатарына Smart Data Ukimet, Smart Bridge жəне Интернет ресурстарының бірыңғай платформасы веб-сайт құрастырушысы кіреді, - деді министр.