IT мамандар оқушылармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында IT мамандар оқушылармен кездесіп, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын талқыға салды.
Қазақстанның «білім туралы» заңының 8-бабы 7-тармағында: оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті қойылған."Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында осы жылдың 7 маусымынан 21 маусым аралығында «IT-CLUB» жас бағдарламашылар зертханасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді", - делінген «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы таратқан хабарламада.
Дөңгелек үстел барысында еліміздің «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда жеткен жетістіктері мен роботехника, 3D модельдеу мәселесі талқыға салынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елорданы газбен қамтамасыз ететін «Сарыарқа» құбыры Жезқазғанға жетті - Қанат Бозымбаев
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы