«Ит баланың үстіне секірген»: Қайтыс болған баланың әкесі мәлімдеме жасады

Ақтөбеде үйінің ауласында көз жұмған 1-сынып оқушысының әкесі болған оқиға бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ит болды. Өздері ұстап алып кетті. Қызыл ит. Иесі бар ма, жоқ па, білмейміз. Үстіне секірген, қорқып кетіп, жүрегі тоқтаған. Шындық сол. Осы арада көзімізбен көрдік. Мамасы артынан шығып келе жатты. Қасында апасы да болды, – деді баланың әкесі.

Бұған дейін облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Бауыржан Асауов оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы мәйіттің зорлықпен өлтіру белгілері жоқ екенін айтқан еді.

Баланың қайтыс болу себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды. Сондай-ақ куәгерлерден жауап алынды, - дейді ол.

Айта кетейік, кеше Ақтөбе қаласындағы Маресьев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында баланың мәйіті табылды. Белгілі болғандай, баланың мәйітін тұрғындар таңғы 7.30-дар шамасында байқап қалған. Дереу баланың анасы жедел жәрдем шақырған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: russia-today.net
Өзгелердің жаңалығы