Ит абайсызда өзінің қожайынына оқ жаудырды

АҚШ-та ит абайсызда өзінің қожайынына тапаншадан оқ жаудырып, оны жаралады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

СBS News таратқан мәліметке сүйенсек, 39 жастағы ер адам кереуетте құрбысымен әңгімелесіп жатқан. Сол сәтте оның иті төсекке қарғып мінген. Ит табандарымен шүріппеге тиіп кетіп, тапаншадан оқ жауған.

Оқиға орнына келген офицерлер еденнен атылған оқсауытты тауып алды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адам сол жақ жамбасынан жараланған. Осылайша, ол ауруханаға жеткізілді.

Алайда жәбірленушінің құрбысы оқиға орнынан қашып кеткен.

Офицерлер зардап шегушіден қарудың қайда екендігін сұрағанда оны құрбысы алып кеткенін айтты, - деп жауап берді полициядан.

Мемфис полициясы "бұдан басқа ақпаратты білмейміз" деп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы