Қисықова коронавирустан көз жұмғандар саны неге артқанын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елорда коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша көшті неліктен бастап тұрғанын түсіндірді. 

Нұр-Сұлтан қаласы көші-қоны көп, ірі аймаққа жатады. Ол – елдің астанасы. Сондықтан коронавирус індеті тіркелген науқастардың үлесі ел бойынша 19 пайызды құрап отыр. Жүргізіліп жатқан барлық шараларға қарамастан, кей науқастардан айырылып жатырмыз. Бүгінгі күнге дейін 14 адам көз жұмды,- деді ол.
Қисықова оған көптеген қауіпті факторлар себеп болғанын айтты. 
Қосымша факторлардың бар екенін де ұмытпаған жөн. Дер кезінде қаралмау да үлкен рөл ойнайды. Қазір ауа райының ыстық болуына қарамастан, өкпе қабынуының саны артып отыр. Сондықтан тұрғындардан денсаулығына аса үлкен жауапкершілікпен қарап, уақытылы ауруханаға қаралуын сұраймыз, - деді ол. 

Сондай-ақ, ол көз жұмған науқастар арасында өзге өңірдің азаматтары бар екенін атады. 
Оның ішінде 70-тен асқан науқастар да бар. Сондықтан, денсаулыққа қауіп төндіретін сапарларға мұқият болуды сұраймыз. Денсаулық сақтаудың көрсеткіштері бар, ол бойынша көз жұмғандар саны осындай халқы бар қала үшін жоғары деңгейде емес, - деді ол.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы