30 Наурыз 2026, 15:56
Фото: ©BAQ.KZ коллажы
Іссапар шығынын өз қалтасынан төлеген: 500-ге жуық мұғалімнің ақшасы қайтарылды
Мұғалімдер өз ақшасынан төлеуге мәжбүр болған.
Жетісу облысында прокурорлық қадағалау актісі бойынша 492 педагогке 72 млн теңге берешек төленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Панфилов ауданының прокуратурасы жүргізген талдау барысында аудандық білім бөлімі тарапынан мұғалімдердің іссапар шығындары бойынша 72 млн теңге сомасында берешекке жол берілгені анықталды.
Өтемақылардың уақтылы төленуі азаматтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етудің міндетті шарты екенін ескере отырып, аудан прокуратурасымен уәкілетті органның атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде аталған берешек толықтай өтелді. 492 педагог тиісті төлемдерін толық көлемде алды, - деп хабарлады Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін мұғалімді артық жұмысқа тартқандарға айыппұл салу ұсынылған.
- Бұршақ жауады, дауыл болады: 12 қыркүйекке ауа райы болжамы 06:20
- Қырғызстанда оқушылар мен студенттерді театр мен музейге міндеттеу ұсынылды 04:28
- 2026 жылғы Азиадаға қатысатын Қазақстан жеңіл атлеттері белгілі болды 03:35
- Азия ойындарында Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова Қазақстан құрамасының туын алып шығады 00:28
- "Қалқаман" метро бекеті қашан ашылады? Алматы әкімдігі жоспарды жариялады 11.09.2026
- Қанат Көпбаев: Көшпенділер ойындарындағы жеңіс – ұлттық спорттың биік деңгейін көрсететін маңызды жетістік 11.09.2026
- Алатау қаласын дамытуға жасанды интеллект қолданылады 11.09.2026