Ғалымдар COVID-19-бен «испанканы» салыстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олардың пайымдауынша, коронавирус испан тұмауынан әлдеқайда қауіптірек.
АҚШ-тағы Гарвард медициналық мектебінің ғалымдары H1N1 қоздырғыш вирусы болған COVID-19 пандемиясының және испан тұмауының әсерін салыстырды. Бұл туралы америкалық мамандардың зерттеуіне сілтеме жасап «Известия» басылымы хабарлады.
Тұмау вирусы мен SARS-CoV-2-нің ортақ белгілері бар – екеуі де ауа тамшылары арқылы таралып, тыныс алу жүйесіне әсер етеді, - делінген америкалық ғалымдардың зерттеуінде.
Алайда, зерттеушілердің есептеулеріне сәйкес, «испанка» кезінде өлім-жітім көрсеткіші үш есе болса, COVID-19 төрт есе. Ғалымдардың пікірінше, емдеу шаралары жеткілікті деңгейде жүргізілмесе, жаңа типтегі коронавирустық инфекция 1918 жылғы тұмау вирусына қарағанда өлім-жітім деңгейін өсіруі мүмкін.
1918-1920 жылдар аралығында әлем испан тұмауының пандемиясымен ауырды. Халықтың үштен бір бөлігі вирус жұқтырып, түрлі бағалаулар бойынша 17 миллионнан 100 миллионға дейін адам қайтыс болды деген дерек бар. Бұл әлем көрген ең қорқынышты пандемиялардың бірі, - делінген мақалада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус жұқтырған Трамп ауруханаға жатқызылды
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы