Испаниялықтар Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Валенсия қаласынан Жоғары өнер және жібек маталарының дизайны мектебінің Президенті Висенте Хеновес дель Ольмо мен ЮНЕСКО-ның «Жібек жолы» онлайн платформасы Халықаралық желісінің төрағасы Хосе Мария Чикийо Барбер Қазақстан Республикасының Испаниядағы Елшісі Константин Жигаловқа құттықтау хатын жолдады.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында испаниялық азаматтар Валенсияның Жоғары өнер және жібек маталарының дизайны мектебі және ЮНЕСКО-ның «Жібек жолы» бағдарламасының Халықаралық желісінің атынан Қазақстан халқына құттықтау хатын жіберді.
Жоғары өнер және жібек маталарының дизайны мектебінің президенті ұлттық жаңа жылды тойлау кезіндегі қуаныштың әлемдік деңгейде кездесетін қиындықтарды жеңуге күш-қуат пен үміт беретінін, су мен отқа байланысты рәсімдердің жақсы болашақ үшін жобаларды жандандыруға көмектесетінін атап өтті.
Біз Батыс Жерорта теңізіндегі, Валенсиядағы (Испания) аңыздық жолдың бір нүктесінен, Жібек жолының жүрегінде тұратын қазақ халқына жақындық, жанашырлық, ынтымақтастық және достық сезімімізді жеткізгіміз келеді. Біз достығымыз үшін даусымызды шығарып: «2021 Наурыз құтты болсын!» дейміз, - деп жазылған құттықтау хатында.
ҚР халқына, елдің барлық азаматтары мен билік органдарына өркендеу, денсаулық және өмірде жаңару тілей отырып, испаниялықтар ең жылы лебіздерін жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2025 жылға қарай 1,5 есеге өседі
Келесі жаңалық
Синоптиктер 10 өңірде дауылды ескерту жариялады
Өзгелердің жаңалығы