Испанияға қайтадан табиғи апат қаупі төнді
Испанияда жаңбыр әлі құйып тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Тағы тасқын жүру қаупі төнгендіктен билік 3 мың тұрғынды қауіпсіз жаққа шұғыл көшірді. Елдің оңтүстігіндегі Малага аймағында қолайсыз күн райына байланысты қауіп-қатердің ең жоғары деңгейі жарияланды. Өңірде мектептер мен дүкендер жабылды.
Осыдан тура 2 апта бұрын Валенсия провинциясында дүлей дауыл мен жауын-шашын соңы алапат тасқынға ұласып, 220-дан астам адам опат болды. Із-түссіз жоғалған ондаған тұрғын әлі табылмай жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
8 мыңнан астам қызметкерге арнайы әлеуметтік төлем жасалды
Өзгелердің жаңалығы