Испаниядан есірткі тасымалдаған қазақстандық 16 жылға сотталды
Көлік полициясы департаментінің қызметкерлері жүргізген арнайы операция нәтижесінде Испаниядан Астанаға есірткі жеткізудің халықаралық арнасы жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Астанадағы пошта бөлімшелерінің бірінен қарапайым тауар ретінде бүркемеленген сәлемдеме табылды. Сараптама нәтижесінде 700 грамнан астам каннабис шайыры анықталды.
Тыйым салынған тауарды алуға келген 23 жастағы курьер ұсталды. Оның үйін тінту барысында есірткіні буып-түюге және сатуға арналған құралдар мен жазбалар тәркіленді. Курьер шетелдік есірткі тобының мүшесі ретінде мессенджерлер арқылы тапсырмалар алып, таратумен айналысқан.
2025 жылғы мамырда сот оны кінәлі деп танып, 16 жылға бас бостандығынан айырды.
Көлік полициясы ел аумағында есірткі тасымалдау арналарына қарсы күресті күшейтуде және азаматтарды есірткі қылмыстары туралы хабардар болуға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Димаш әнші, дзюдошы Иса Бекболатқа домбыра тарту етті
Келесі жаңалық
Негізгі мәселенің бәрі жеке бақылауымда – Президент
Өзгелердің жаңалығы