20 Қаңтар 2026, 01:29
Фото: REUTERS/Susana Vera
Испаниядағы пойыз апаты: кемінде 40 адам қаза тапты
Испанияның Кордова провинциясы, Адамуз маңында екі жоғары жылдамдықты пойыз соқтығысты. Апат салдарынан кемінде 39 адам қаза тауып, 122 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
Испанияның Кордова провинциясы, Адамуз маңында екі жоғары жылдамдықты пойыз соқтығысты. Апат салдарынан кемінде 39 адам қаза тауып, 122 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, 12 адам реанимацияда, ал зардап шеккендердің көпшілігі ауруханаға жеткізілді.
Соқтығысу зәйтүн алқаптары мен таулы жерлерде болғандықтан құтқару жұмыстары қиындықпен өтті. Сарапшылар апат себебін рельстердегі ақаулы түйісу деп болжайды.
Испания Премьер-министрі Педро Санчес апат орнына барып, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Бұл Испаниядағы 2013 жылғы Сантьяго-де-Компостела апатынан бері ең ауыр теміржол апаты болып отыр.
- Қазақстандық биатлоншы қыздар 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады 20:45
- Жаңа Конституция: Конституция жобасына арналған "Референдум–2026" онлайн-марафоны мәресіне жетті 20:20
- "Қазақстан археологиясындағы жаңа ашылымдар – 2025" көрмесі өтті 19:30
- Мектеп пен аурухана: Былтыр Ақтөбе облысында 62 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді 19:15
- Олимпиада-2026: Қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті 18:47
- Жаңа Конституция: Күдіктілерді ұстау мерзімі 48 сағатқа қысқартылуы мүмкін 18:10
- Қытайда Қазақстанның конституциялық реформасын белсенді талқылап жатыр 17:48