Испаниядағы дәстүрлі бұқалар жарысында бірнеше адам жарақат алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияның Памплона қаласында өткен бұқалар жарысында үш адамды өгіз сүзіп, тағы бірнешеуін таптап кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыс басталған бетте үш минуттың ішінде алты адамға медициналық жәрдем қажет болды. Бұқалар жарысы – бір аптаға ұласатын Сен Фермин фестивалінің дәстүрлі әрі ең қауіпті іс-шарасы. Отыз жылдан астам уақыт бойы ұйымдастырылатын жарыста 56 адамды бұқа сүзіп кеткен, 16 адам мерт болған. Соңғы рет кісі өлімі 2009 жылы тіркелген екен. Сол себепті биылғы жарыс салыстырмалы түрде тыныш өтті деп саналады.

Жалпы бұқалардан қашу небәрі екі-үш минутқа ғана созылады. Жарыс жолы 800 метрге жетеді. Әдетте көше бойымен қуа жөнелетін 600 келілік өгіздер, матадормен айқасатын алаңға жетеді. Кешқұрым мұнда коррида ұйымдастырылады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы