Испанияда үш күндік аза тұту жарияланды
Испанияда 3 күн қаралы деп жарияланды. Мұнда алапат тасқын салдарынан 95 адам көз жұмған, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Үкімет басшысы Карлос Масон аймақтарда іздеу-құтқару жұмысы әлі жүріп жатқанын айтады. Сондықтан құрбандар қатары әлі өсуі мүмкін.
Опат болғандардың 82-сі Валенсия провинциясының тұрғындары. Жоғалғандар да өте көп. Теле және радио стансаларға сырт әлемнен оқшауланып қалған жүздеген тұрғын хабарласып жатыр. Құтқару операциясына мыңнан астам сарбаз бен тікұшақ тартылды. Ондаған мың адам жарықсыз отыр.
Метеоролгтар жауын-шашын бүгін де жалғасады деп ескертті. Испания патшасы жақынынан айырылғандарға көңіл айтты.
Қайғылы оқиғаға байланысты жақынын жоғалтқан барлық отбасыларға көңіл айтамыз. Көптеген мүлік қирады. Кейбір аймақтарға әлі жете алмай жатырмыз. Сондықтан алапат тасқынның зардабын әлі толық білмейміз. Премьер-министр және барлық аймақ басшыларымен байланыстамын. Барлық шараларды жасап жатырмыз, - деді Испания патшасы Филипп VI.