Испанияда төтенше жағдай жарияланды

Испанияда электр қуатының жаппай сөнуіне байланысты ұлттық төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Испанияның Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

El País газетінің мәліметінше, жарықтың кең көлемде өшуіне энергия ағынының өзгеруі себеп болған. Жаппай электр үзілуі Испания мен Португалияның бірнеше аймақтарында тіркелді.

Мадрид, Барселона, Валенсия, Ла-Корунья, Севилья және басқа да ірі қалалар жарықсыз қалды. Мадрид-Барахас халықаралық әуежайының жұмысына елеулі әсер етті. Көптеген елді мекендерде бағдаршамдардың істен шығуына байланысты көлік қозғалысы тоқтап қалды.

Электр қуатының үзілуі Андорра мен Францияның кейбір өңірлерінде де байқалды. Қараңғылыққа байланысты Испанияда барлық теміржол қызметі тоқтатылды. Бұл қоғамдық көліктің жұмысына да айтарлықтай кедергі келтірді. Супермаркеттерде ұзын-сонар кезектер пайда болып, кейбір адамдарды лифтілерден құтқаруға тура келді.

Сонымен қатар елдегі барлық атом электр станциялары қауіпсіздік мақсатында уақытша тоқтатылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы