Испанияда тасқыннан кейін 90-нан аса адам жоғалып кетті
Испанияда су тасқынынан кейін 90-нан аса адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Бұл тек отбасы мүшелері іздеу салғандары ғана. Сондықтан билік өкілдері хабар-ошарсыз кеткендер қатары әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтады.
Болжам бойынша олардың дені үйінді астында қалып қойған. Біразын толқын алып кетуі ықтимал. Сондықтан аймаққа тартылған әскерилер барлық жерді жіті тексеріп жатыр. Өткен аптада Испанияның шығысында алапат тасқын жүріп, 217 адам опат болған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ержет Жарылқасын әлемдік рейтингте көш басына шықты
Өзгелердің жаңалығы