Испанияда су тасқынынан пойыздар тоқтады

Испанияда су тасқынынан жолдар шайылып, көлік қатынасы тежелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күн райының қолайсыздығынан елдің Сарагоса қаласында пойыздар тоқтады. Төтенше жағдайлар қызметі рельстерді су басып, 500 жолаушысы бар бір теміржол көлігі жолда тұрып қалғанын мәлімдеді. Өңірде қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды.

Полиция тұрғындарға алыс жолға шықпауға, су басқан аудандарға бармауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы