Испанияда су тасқынынан 5 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су тасқыны толассыз жауған нөсер салдарынан болды. Табиғи апат болған жерден 3500 адам эвакуацияланды. Бұл туралы korrespondent.net жазды.

Испанияның оңтүстік-шығысында болған су тасқыны салдарынан кем дегенде 5 адам қаза тапты. Қаза тапқандадың үшеуі су шайып кеткен көліктерде отырса, біреуі су толып қалған көлік түнелінде қалып қойған, ал бесіншісі Валенсиядағы үйінің маңайында қаза тапқан. 

3500-ге жуық адам эвакуацияланды. Толассыз жауған нөсер салдарынан су тасқыны болып, ол Валенсия, Мурсия аудандарына дейін және Андалусиннің шығыс бөлігіне дейін жеткен.

Табиғи апат салдарынан екі халықаралық әуежай жабылып, теміржолдағы жол қозғалысы мен білім беру мекемелерінде сабақ тоқтатылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы