Испанияда шіркеудегі Құдай Ана мүсінінен әшекейлер ұрланды
Испанияның Гранада қаласында белгісіз екі адам Санта-Крус-ла-Реаль шіркеуінде орнатылған Қасиетті Мария Розария бейнесінен зергерлік әшекейлерді ұрлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ "Известия" басылымына сілтеме жасап.
Ұрланған әшекейлер шіркеу жамағатының жеке қайырымдылық ретінде жасаған сыйлары болған. Бауырластық ұйым өкілдері оқиға жөнінде сот полициясына хабарланғанын және тергеу органдарымен тығыз жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Бейнебақылау камераларынан екі адамның бетпердесіз шіркеуге кіріп, еш кедергісіз Құдай Ана мүсінінен әшекейлерді шешіп алған сәті анықталған. Мүсіннің өзіне зақым келмегенімен, бұл оқиға діндар қауымның үлкен наразылығын тудырды.
Айта кетейік, Санта-Крус-ла-Реаль шіркеуі соңғы жылдары бірнеше рет тонаушылардың нысанасына айналған. Соңғы уақыттың өзінде мұнда шамамен жиырмаға жуық ұрлық тіркелген. Испанияның ұлттық полициясы бейнежазбаларды және оқиға орнындағы айғақтарды зерттеп, күдіктілердің кім екенін анықтап жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Өзгелердің жаңалығы