Испанияда құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Испанияда нөсер жауын толастар емес. Дүлей дауыл тағы бар, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Тасқын қаупі төнгендіктен, Кастельон провинциясында 14 құтқару операция жүргізіліп, 220 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Валенсия провинциясында да ахуал күрделі. Мектептер жабылып, барлық пойыз тоқтады. Осыдан тура 2 апта бұрын 220-дан астам адам опат болған еді. Із-түзсіз жоғалған ондаған тұрғын әлі табылмай жатыр. Ал елдің оңтүстігіндегі Малага аймағында қолайсыз күн райына байланысты қауіп-қатердің ең жоғары деңгейі жарияланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы