9 Тамыз 2026, 19:18 Фото: Cadena SER

Испанияда отшашу фестивалінде 27 адам зардап шекті

Оқиғаға пиротехникалық жабдықтың ақауы себеп болған.

Испанияның Альтеа қаласында жыл сайын өтетін Castell de l'Olla отшашу фестивалінде 27 адам зардап шекті.

Cadena SER мәліметінше, оқиға теңіздегі қалқымалы платформалардан отшашу атылған кезде болған. Аликанте провинциясында шамамен 40 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан фестиваль биыл 100 мыңға жуық көрермен жинаған.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, зардап шеккен 14 адам IMED ауруханасына жеткізілді. Кейін олардың 11-і Аликанте университеттік жалпы бейінді ауруханасының күйік бөліміне ауыстырылды.

Пиротехникалық жабдықтың ақауына қатысты мән-жай анықталып жатыр.