Испанияда орман өрті қалаға таяп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияның оңтүстігіндегі Андалусия аймағында бірнеше күн бұрын басталған орман өрті дес бермей тұр, деп жазды Хабар24.

Тілсіз жаумен мыңға жуық өрт сөндіруші күресіп, оннан астам ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылған. Алайда желдің кесірінен лаулаған жалынды ауыздықтау мүмкін болмай тұр. 3 өрт сөндіруші жапа шеккен. 

Өрт Пухерра тауының етегіндегі Бенехавис қаласына жақындап, 2 мыңнан аса тұрғын қауіпісз жерге көшіріліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы