Испанияда орман өрті өршіді

Испанияның батысында орман өрті өршіп барады. Апат салдарынан 700-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ка-серес провинциясының Лас-Урдес ауданында қазір жағдай қиын. Мұнда 8,5 мың гектар аумақ күлге айналған. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 400-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылған.

Бірақ екпінді жел лапылдаған отпен күресуге кедергі келтіріп тұр. Желдің жылдамдығы сағатына 60 шақырымнан асады. Жергілікті билік бұл өрт қасақана ұйымдастырылуы мүмкін дейді. Себебі екі аймақта от, бір мезгілде тұтанған және, жылдам қарқынмен жан-жаққа тарай бастаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы