Испанияда орман өрті мыңдаған гектар аумақ жерді шарпыды
Жергілікті билік тілсіз жауды әлі ауыздықтай алмай жатыр келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24 сілтеме жасап.
Алапат өрт әсіресе елдің шығысында өрши түсті. Кастельон, Валенсия аймақтарында жағдай қиын. Болжамға қарай, апатқа аптап ыстық себеп болуы мүмкін.
Қауіпті жерлерден 2 мыңға жуық адам эвакуацияланды. 8 елді мекеннен тұрғындар үйлерін тастап кетуге мәжбүр.
Соңғы деректер бойынша, 4 мың гектар егіс алқабы күлге айналған.
Қазір тілсіз жаумен күресуге әскерилер, өрт сөндірушілермен қатар басқа аймақтардан қосымша күш тартылып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ құтқарушылары 5 автокөлікті өрттен корғап қалды
Өзгелердің жаңалығы