Испанияда коронавирустан күн сайынғы өлім көрсеткіші төмендеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испания корольдігінде алты күн қатарынан коронавирустан қаза табатындар саны 100 адамнан асқан жоқ.
Бұл туралы Испанияның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Соңғы 24 сағат ішінде Испанияда коронавирустық инфекциядан 56 адам қайтыс болды.
Осылайша, корольдікте алты күн қатарынан күнделікті шығын 100 адамнан аспайды. COVID-19 індетінен қайтыс болғандардың жалпы саны 28 628-ге жетті.
Соңғы 24 сағат ішінде ПТР тесттерін қолдана отырып, 446 жаңа инфекция жағдайы анықталды. Жалпы індет басталғалы жұқтырғандардың саны - 234 824 адам. Алайда, бейсенбі күнгі статистикаға қарағанда, зардап шеккендердің жалпы саны 688 адамға өскен. Каталонияда бұрын тіркелмеген құрбандар мен жұқпалар туралы мәлімет болғандықтан, олардың саны 1,8 мыңға артты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте індет жұқтырған 34 адам тіркелді
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы