Испанияда коронавирус жұқтырғандардың саны 200 мыңнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының мәліметінше, Сингапурде коронавирусты жұқтырған тағы 1 426 адам анықталды. COVID-19-ды жұқтырғандардың жалпы саны 8 014-ті құрап отыр.
Ал Испанияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 200 000 адамнан асты. Беларусьте COVID-19-ды 6 264 адамның жұқтырғаны тіркелді.
Сонымен қатар, мұнда тағы 4 адам вирустың кесірінен көз жұмды. Қайтыс болғандардың жалпы саны – 51.
Коронавирустың ошағына айналған ҚХДР-да мектептер мен ЖОО-лар қызметін қайта жандандырды.
Бұған дейін бұл елде де оқу демалысы коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ұзартылған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
WTI маркалы мұнай бағасы тарихта алғаш рет нөлден төмендеді
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы