19 Қаңтар 2026, 06:49
Фото: википедия
Испанияда екі пойыз рельстен шығып кетті, қозғалыс тоқтатылды
Испанияның Кордова провинциясында екі жоғары жылдамдықты пойыз рельстен шығып кетті. Бұл туралы теміржол инфрақұрылымының операторы Adif ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Испанияның Кордова провинциясында екі жоғары жылдамдықты пойыз рельстен шығып кетті. Бұл туралы теміржол инфрақұрылымының операторы Adif ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Компания бұл ақпаратты X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жариялады.
Малага – Пуэрта-де-Аточа (Мадрид) бағытымен жүріп келе жатқан LD AV Iryo 6189 жоғары жылдамдықты алыс бағыттағы пойызы рельстен шығып, көрші жолға өткен. Сол көрші жолмен Пуэрта-де-Аточа – Уэльва бағыты бойынша келе жатқан LD AV 2384 пойызы да рельстен шықты, – делінген хабарламада.
Нақтылай кетсек, Севилья мен Мадрид арасындағы жоғары жылдамдықты теміржол желісімен қатынаған пойыздар қайтадан жөнелтілген станцияларына бағытталуда. Пойыз қозғалысы толықтай тоқтатылған.
Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері жетті.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
- Тайваньда тайфуннан кейін 5 мыңнан астам турист аралдарда қалып қойды 19:52
- Қарағанды облысында бұлақтар абаттандырылды 19:11
- Қазақстандағы ең ірі қымыз фестивалі несімен ерекшеленеді 18:48
- Нью-Йорк полициясында қызмет ететін қазақтар: Сәденов отандастарымен кездесті 18:07
- Берлинде 11 сағаттан астам кепілде болған кассир құтқарылды 17:49
- Өскеменде тұрғын үй өртенді 17:17
- Вьетнамда туристер мінген катер аударылып, 15 адам қаза тапты 16:47