Испанияда биоыдырағыш бетперде ойлап шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияның Валенсия аймағында бірегей бетперде жасап шығарылды, деп хабарлайды 24.kz.

Нано-талшықтардан құралған қорғаныштың ерекшелігі сол, оны пайдаланған соң табиғатта тез ыдырайды. Және басқа бетперделерге қарағанда ауаны жақсы өткізіп, бактериялар мен вирустардан да жақсы қорғайды. Оны 2 тәулікке дейін қолдануға болады.

Қазір бірегей бетперде сапа сертификатын алу үшін соңғы тексерулерден өтіп жатыр. Содан кейін жаппай сатылымға шығарылмақ.

Айта кетейік, әлемде медициналық бетпердені өңдеу ғаламдық мәселеге айналған. Табиғатты қорғаушылар былтыр мұхиттарға 1 миллиард 600 миллион бетперде тасталған деп отыр. Ал олар шіру үшін 450 жыл қажет екен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы