Испанияда ауа температурасы 44 градусқа дейін көтерілді

Испанияда ми қайнатар ыстық орнады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz сілтеме жасап.

Елдің оңтүстік-шығысында сынап бағанасы 44 градусқа дейін көтерілген. Бұл – бұрын-соңды болмаған рекорд.

Ел астанасы Мадрид пен Андалусияда да осыған ұқсас жағдай. Ауа температурасы 40 градустан түспей тұр. Осыған байланысты өрт сөндірушілер жоғары дайындық режиміне ауыстырылды.

Өз кезегінде синоптиктер табандап тұрып алған ыстықтың беті әлі бірнеше күн қайтпайтыны айтады.

Айта кетейік, 2023 жылы Испанияда аптап кесірінен 11 мыңнан астам адам көз жұмған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы