Испания жағалауында 59 мигрант құтқарылды
Испанияның Жағалау күзеті Канар аралдарында 59 мигрантты құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Келімсектер Гран Канария аралындағы Аргинегин портына жеткізілді. Олардың басым бөлігі Марокко, Сенегал, Гамбия және Мавритания азаматтары. Әсіресе Мавританиядан босып келгендер көп.
Еуроодақ комиссиясы Еуропаға заңсыз көші-қон ағынын тоқтату үшін Батыс Африка елдеріне бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтуға уәде берді. Айта кетейін, өткен жылы Испания аумағына 57 мыңға жуық мигрант заңсыз кірген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 82%-ға көп.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елдің тоғыз облысында жол жабылды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы