Испания таза суды тұтынуға шектеулер енгізді

Испанияны қымбатшылық қысып барады. Мәселен, Каталония аймағында ауыз судың бағасы бірден 34 пайызға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

 Өсімге құрғақшылық себеп. Жарық пен жылу тарифі де көтерілді. Испанияның солтүстігіндегі Каталония аймағында қуаңшылыққа байланысты тұрғындардың су тұтынуына жаңа шектеулер енгізілді. Шара 6 миллион адам тұратын 224 елді-мекенді қамтиды. 

Оның ішінде Барселона мен Жирона сияқты ірі қалалар бар. Мәселен аймақта 2 жылдан бері бір тамшы жаңбыр жаумай, өңірді тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған Тер-Льобрегат қоймасының суы едәуір азайып кеткен. Осы себепті жергілікті билік жаңа жылдан бастап су бағасын 33,7 процентке көтеруге мәжбүр болған. 

Су ғана емес, электр және газ төлемдеріне бөлінетін субсидия қаңтардан бастап тоқтатылады. Яғни қосымша құн салығы қайта алына бастайды. Сондықтан газ жыл аяғына дейін біртіндеп 21 пайызға, ал электр энергиясы 10 пайызға дейін көтеріледі, - деді экономист Монсе Сеспедоса.

Жаңа жылдан бастап Испанияның төрт өңірінде жол ақысы 7 пайызға қымбаттады. Азық-түлік, оның ішінде жұмыртқа, сүт, май және ұн өнімдері де бірден бес пайызға көтеріліп шыға келді. Бағалардың күрт қымбаттауы халықтың наразылығын туғызып жатыр. Әсіресе мемлекеттік қызметкерлерге ауыр тиген. Сондықтан билік бюджеттік мекеме жұмысшыларының айлығын екі процентке, ал зейнетақаны 3,8 пайызға көтергелі отыр. 

Бұл басы ғана ғой. Ертең бағалар одан әрі шарықтаса теміржол, әуежай, ауылшаруашылық саласының өкілдері, дәрігерлер мен мұғалімдер ереуілге шығуы мүмкін. Кәсіподақ мемлекеттен жарық пен газға қатысты субсидияны қайтаруды талап ететін болады, - деді қаржы сарапшысы Хавиер Сантакруз.

Жаңа жылдан бастап Каталония аймағындағы ауыз судың орташа бағасы бірден 34 пайызға көтеріліп, тіршілік нәрінің бір текше метрі 1 еуроға жетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы